Әлем

Үйінді астында 6 сағатын өткізген бала құтқарылды (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның Николаев қаласында басқыншылар қиратқан үйдің астынан құтқарушылар 11 жасар баланы алып шықты. Бұл туралы Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Telegram арнасында  хабарлады.

«Түнде Николаев қаласы С-300 зымырандарымен жаппай атқылауға ұшырады. Бес қабатты ғимаратқа соққы берілді. Үйінді астынан 11 жасар бала шығарылды. Бала 6 сағатын үйінді астында өткізген» - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол қалада 8 S-300 зымырандарының атылғанын атап өтті.