Bugin
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған АӨСШК VI саммитінде Украинадағы қақтығысты реттеуге шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүрік басшысы әділетті әлемге тек дипломатия арқылы қол жеткізуге болатындығын атап өтті. Оның айтуынша, соғыстың теріс әсерін жою бойынша БҰҰ мен тараптардың бірлескен күш-жігері бүкіл әлемнің қолдауына ие болды.
Соғыста жеңімпаз, ал әділ әлемде жеңілген жақ болмайды. Біздің соғыстың теріс әсерін жою бойынша БҰҰ мен тараптардың бірлескен күш-жігері бүкіл әлемнің қолдауына ие болды, - деді Режеп Ердоған.
Сондай ақ түрік басшысы "Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттау бойынша Стамбул келісімі және өткен айда тұтқындарды алмасу – осы бағыттағы әжептәуір жетістік. Біздің мақсат – қиындықтарға қарамастан осы қарқынды сақтау және қантөгісті тезірек тоқтату", - деді.
Айта кетейік, Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтуде.
Түркия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 13 қазанда оны Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды