Bugin
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астана әуежайына ұшып келді. Оны ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап Bugin.kz порталы.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізеді, сондай – ақ ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия-Ресей"саммитіне қатысады.
"Қазақстан мен Түрікменстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов өзара іс – қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды", - делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада бірден екі маңызды іс - шара - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесінің отырысы және "Орталық Азия-Ресей" саммиті өтеді. Осы іс-шараларға қатысу үшін Қазақстанға кеше АӨСШК саммитіне қатысқан 11 мемлекеттің басшылары мен өкілдері келді.