Әлем
Соңғы алмасу кезінде Мәскеу мен Киев 20 тұтқынмен алмасты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Украина президентінің көмекшісі Андрей Ермак Telegram желісінде босатылған украиналықтардың арасында «Украина армиясының 14 әскери қызметкері, аумақтық қорғаныстың төрт әскери қызметкері, Ұлттық ұланның бір әскери қызметкері және Украина Әскери-теңіз күштерінің бір әскери қызметкері бар» екенін хабарлады.
«Оленевкадағы түрмеде және Запорожье мен Херсон облыстарының уақытша басып алынған аумақтарында орыстардың қолында болғандар да болды», - деп қосты Ермак.
Ресей қорғаныс министрлігі Киевтің бақылауындағы Украина аумағынан 20 әскери қызметкердің оралғанын және оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.