Әлем
Украинаға қарсы жасалған ядролық шабуыл біздің қатаң жауабымызға алып келеді. Батыс мұндай қаруды қолданбай-ақ Ресей армиясын жойып жібере алады, деді Еуроодақ дипломатиясының басшысы Хосеп Боррел.
«Ядролық қауіп бар және Путин блеф жасамайтынын айтты. Украинаны, оған мүше елдермен Еуропалық Одақты, НАТО-мен АҚШ-ты қолдайтын халық та блеф жасамайтынын анық түсіну керек. Украинаға қарсы кез келген ядролық шабуылға біз міндетті түрде әскери жауап қайтарамыз. Ядролық емес, бірақ Ресей армиясы толығымен жойылатындай қуатты жауап беретін боламыз», - деді Боррел.
Оның айтуынша, «бұл тарихтағы маңызды сәт» және Еуропалық Одақ «бірлік, күш пен нақты шешімділік танытуы керек».
Боррелл бүкіл әлем Украинадағы соғыстың тезірек аяқталуына мүдделі екенін айтты: Еуроодақ Киевке қолдау көрсетуді және дипломатиялық шешімдерді іздеуді жалғастырады.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей ядролық қару қолданса, оның «ауыр зардаптары» болатынын ескертті.
«Путиннің ядролық риторикасы қауіпті және абайсыз. НАТО Ресейдің не істеп жатқанын жіті қадағалап отыр. Ол ядролық соғыста жеңілетінін түсінуі керек», - деді ол.