Технология

Маск Украина үшін Starlink спутниктік байланысын төлеуден бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Масктың  SpaceX компаниясы Пентагонға Украинадағы Starlink спутниктік интернет қызметтерін қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін екенін ескертті, деп  хабарлайды CNN ге сілтеме жасап  Bugin.kz порталы.

SpaceX Пентагонға Украинадағы спутниктік қызметтерді қаржыландыруды ұсынды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Украинаға 20 000-ға жуық Starlink спутниктік аппараты жіберілген. Бұл SpaceX-ке 80 миллион доллар шығын әкелді, жылдың соңына қарай бұл сома 100 миллион доллардан асады.

«Егер АҚШ Үкіметі айына бірнеше миллион бөліп Украинадағы Starlink спутниктік интернет қызметтерін қаржыландырмаса онда осымен SpaceX тарапынан көрсетілген көмек тоқтатылады», –  делінген мәлімдемеде.

CNN мәліметтері бойынша, SpaceX қыркүйек айында Пентагонға хат жолдаған, онда компания бұдан былай Starlink қызметтерін бұрынғыдай ауқымда қаржыландыра алмайтынын жеткізген. Сол хатта Пентагоннан Украинаның Starlink-ті үкіметтік және әскери пайдалануын қаржыландыруды өз мойындарына алу туралы өтініш жасалынған.  SpaceX  Starlink қызметі жыл соңына дейін 120 миллион доллардан асады, ал алдағы 12 айда 400 миллион долларға жетуі мүмкін деп мәлімдейді.

Соңғы кездері Украинада SpaceX басшысы Илон Маск елді қолдай ма жоқ па деген сұрақ туындап, осыған қатысты алаңдаушылық артып келеді. Бұған дейін Илон Маск Ресей-Украина қақтығысын шешудің жоспарын ұсынған болатын. Сол жоспар бойынша  Украина Қырымнан бас тартуы керек. Алайда сол кезде Украина президенті Владимир Зеленский Масктан кімнің жағында екендігі туралы сұрағанда ол «Бұрынғыдай Украина жағында екендігін әлі де қолдайтынын, бірақ ауқымды шиеленістен қорқатынын айтқан еді.