Саясат

Шахмат мектеп бағдарламасына енгізіле ме?

Дәрмен Сәдуақасов пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал шахматшы Дәрмен Сәдуақасов шахмат ойындарын мектеп бағдарламасына қосуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды. 

Қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев әйгілі ресейлік шахматшыны ұтты Өскеменде жастар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді
«Мен бұрынғы Білім министрімен кездескен едім. Енді, жаңа министр Күләш Ноғатайқызымен кездесетін жоспарымыз бар. Негізі, 2016 жылдан бері біз Астананың халықаралық мектебі аясында балалармен жұмыс істеп келеміз. Шамамен, 600 бала айналысады. Аталған мектеп Назарбаев зияткерлік мекептерінің құрамына кіреді. Сол кезде Күләш Ноғатайқызы шахматты дамыту шараларына үнемі қолдау жасап отырды. Осы айда Қазақстанның шахмат федерациясы мен министрлік басшылығы арнайы кездесуді жоспарлап отыр. Сол жерде мектептерде шахмат ойындарын дамыту мәселесін талқылайтын боламыз», - деді Д.Сәдуақасов журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осыдан он жыл бұрын Армения мектептерінде шахмат міндетті пән ретінде енгізілген болатын. Соның нәтижесінде осы елдің ерлер құрамасы шахматтан Дүниежүзілік Олимпиадада үш рет чемпион атанды.  
«Иә, бірінші рет кәдімгідей сенсация болды. Екінші рет сәттілік серік болған шығар. Ал үшінші рет жеңіске жеткенде барлығы ойланып қалды. Себебі Арменияның құрамасы үш рет жеңіске жетті. Бұл - үлкен көрсеткіш. Қазір Ресейдің бірқатар аймақтарында шахматты мектеп бағдарламасына енгізді. Енді, барлық федерацияға таратамыз дейді», - деп атап көрсетті Д.Сәдуақасов.