Әлем

Путиннің не ойлағаны бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Владимир Путин мобилизация «шамамен екі аптадан кейін» аяқталады деп мәлімдеді. Бұл сөз арқылы ол тек өз беделін көтергісі келген. Шын мәнінде, Ресейде осы уақытта әскерге күзгі шақыру басталуы керек», - деп болжады Американдық соғысты зерттеу институты (ISW).

Қыркүйек айында Путин биылғы күзгі әскерге шақыру 1 қарашада (әдетте 1 қазанда) басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасатын жарлыққа қол қойды.

ISW сарапшылары шақыруды ұйымдастыруға жұмылдыруды өткізуге де сол әскери комиссариаттар жауапты екенін атап көрсетеді. Күзгі шақыруды ұйымдастыру үшін сол бюрократиялық ресурстарды пайдалану үшін Путин жұмылдыруды тоқтатуға немесе аяқтауға мәжбүр болады, дейді әскери сарапшылар.

Олардың айтуынша, Ресей президенті жұмылдырылғандардан күзгі әскерге шақырылғандар дайындықтан өтіп, 2023 жылы Ресейдің жауынгерлік қуатын арттыру үшін қосымша бөлімшелер жасақталғанша майдандағы олқылықтарды толтырады деп күтеді.

Сонымен қатар, түйіндемеде Владимир Путин айтқан жұмылдырылғандардың 10 күндік жаттығулары көптеген бөлімшелер үшін нақты жауынгерлік дайындықтан тұрмайтыны атап өтілген. Кейбір бөлімшелердің сарбаздары Украинаға жөнелтілгенге дейін бірнеше күн командирсіз, тамақсыз және баспанасыз оқу-жаттығу алаңдарын аралап жүрді, делінген ISW есебінде. Көптеген әлеуетті нұсқаушылар мен офицерлер Украинада жұмылдыру басталғанға дейін жараланған немесе қаза тапқан болуы мүмкін. Ал ресейлік әскери полигондар кадрлармен қамтамасыз етілмеген болуы мүмкін. Әскери сарапшылардың пайымдауынша мобилизацияны аяқтау, әскер қатарына адам алуға нүкте қоймайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61