Әлем
17-30 қазанда НАТО ядролық қаруды тежеу бойынша тұрақты түс («Жеңілмейтін түс») жаттығуларын өткізеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Солтүстік Атлантикалық альянстың ресми сайтының хабарлауынша, бұл қазіргі әлемдік оқиғаларға қатысы жоқ жоспарлы маневрлер. Олардың көпшілігі Ресейден 1000 шақырымна астам жерден өтеді.
Оқу-жаттығуға 14 ел мен 60 түрлі ұшақтар қатысады, соның ішінде ядролық қаруға қабілетті жойғыш ұшақтар, кәдімгі жойғыш ұшақтар, барлау ұшақтары және жанармай құю ұшақтары қатыстырылады.
«Өткен жылдардағыдай американдық V-52 алыс қашықтыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтары қатысады, олар биыл Солтүстік Дакотадағы Минот әуе күштерінің базасынан ұшады. Оқу-жаттығу рейстері қабылдаушы Бельгия, сондай-ақ Солтүстік теңіз және Ұлыбритания арқылы жүзеге асырылады. Ешқандай әскери қару қолданылмайды», - делінген НАТО-ның хабарламасында.
Бұған дейін Америка Құрама Штаттары НАТО территориясының «қажет болса, әрбір дюймін» қорғау міндеттемесін растады. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мәлімдеді.
Украинамен соғыс кезінде ядролық қаруды қолдану қаупін Владимир Путин және Ресей мемлекетінің басқа да жоғары лауазымды тұлғалары бірнеше рет айтқан болатын.