Bugin

Тоқаев пен Бердімұхамедов кездесуінде не айтылды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халқын тарихи және туысқандық байланыстыратынын атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.

«Түркіменстан Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, біздің ортақ шекарамыз, ортақ тарихымыз бар. Мәдениет саласында, гуманитарлық байланыстарда, әрине, экономикалық мүдделерде ортақ тұстарымыз көп», - деді Тоқаев.

Келіссөздер барысында президенттер қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, оның ішінде энергетика, көлік-логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізге келуге шақырғаны және қазақ жерінде көрсеткен жылы қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.

«Бұл менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік іс-сапарым. Біз бұл сапарды елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең деп санаймыз», - деді Түрікменстан Президенті.