Bugin

Алматыда кісі өлтіруші тергеу изоляторынан қашып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен кісі өлтіруші түнде ұсталды, деп хабарлады ІІМ ресми интернет-ресурсы.

«Қарасу ықшамауданы, Солтүстік айналма көшесінің бойында Түрксіб ауданы ППП криминалдық полиция бөлімі мен полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азамат ұсталды. Қашу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабының 1-бөлігі (бас бостандығынан айыру, қамауға алу немесе күзетпен ұстау орындарынан қашу) бойынша тіркелді», - деді Алматы қалалық ІІД бастығы Арыстанғани Заппаров. 

Айта кетейік, ұсталған азамат үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Қашу фактісі бойынша Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерді тексеріп жатыр», - деп хабарлады полиция.