Әлем
Түркияның солтүстігінде шахтада болған жарылыс салдарынан 41 адам қаза тапты. Бұл туралы оқиға орнына келген ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Жарылыс жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:15-те Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Бартын провинциясының Амасра ауданындағы мемлекеттік көмір шахтасында болды.
Бұл ел тұрғындары үшін де ауыр болды, өйткені бұл басқа да осындай апаттарды еске түсірді. Әсіресе елдің батысындағы шахтадағы 300-ден астам кеншінің өмірін қиған 2014 жылғы апатты.
Сенбі күні Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу журналистерге 58 кеншінің өздігінен шыққанын немесе құтқарушылар құтқарғанын, оның 11-і жараланғанын хабарлады. Ол кезде қаза тапқан шахтерлердің саны 40-ты құраса, жарылыс кезінде шахтада жұмыс істеген тағы бір адам із-түзсіз жоғалған деп танылған.
«Амасрадағы көмір шахтасындағы жарылыс 41 адамның өмірін қиды. Бұл төтенше оқиға жан-жақты тексерілетін болады»,- деді президент Ердоған. Үкімет өз мәлімдемесінде болашақта мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылатынын атап өтті.
Құтқарушыларға қайғылы оқиға кезінде шахтада болғандардың әріптестері көмектесті. Фото: EPA
Құтқару операциясы жарылыстан кейін көп ұзамай басталды. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін авиация пайдаланылды.
Құтқару топтары жүздеген метр үйіндінің астына түсіп, түні бойы тірі қалғандарды табу үшін жұмыс істеді.
Кеншілердің туыстары іштен хабарды тағатсыздана күтті. Фото: EPA
Оқиға орнында түсірілген бейнежазбада құтқарушылардың кен астында қалған кеншілерді төбеге қалай шығарып жатқаны, ал шахтерлердің отбасы мүшелері мен туыстарының жаңалықты тағатсыздана күтіп отырғаны көрінеді.
Сойлудың айтуынша, жарылыс 300 метр тереңдікте болған. Бұл тереңдікте 49 адам жұмыс істеген болуы мүмкін. Оның айтуынша, ол кезде шахтада 110-ға жуық адам болған.
Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ, жергілікті прокуратура тергеуді бастады.
Кеніш Turkish Hard Coal Enterprises мемлекеттік компаниясына тиесілі. Фото: EPA
Жарылыс бастапқыда трансформатордың істен шығуына байланысты болғанымен, Түркияның Энергетика министрі Фатих Дөңмез кейбір факторлардың жинақталған метан газының жарылуына нұсқайтынын айтты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбіге жоспарланған барлық шараларды тоқтатып, қайғылы оқиға орнына келді.
Бұған дейін ол әлеуметтік желідегі парақшаларында ел халқын барлық шара қолданылатынына сендіретін бірқатар қатаң мәлімдемелер жариялаған болатын.
Президент қаза болғандардың отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетініне, қайғылы оқиғаның себептері толық анықталатынына, тіпті болмашы салғырттыққа жол бергендер жауапқа тартылатынына сендірді.
2014 жылы Сома қаласының маңындағы шахтада күшті жарылыс Түркияны дүр сілкіндірді. Елде үкіметке қарсы наразылықтар мен кәсіподақтардың ереуілге ұласып, жекешелендіру кезінде кеншілердің қауіпсіздігіне жеткілікті мән бермеді деп айыпталған.