Спорт

Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Арина Гладышева жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

«Арина Гладышева 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатында 3000 метрге жүгіруде 10.09.76 көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды», - делінген жексенбі күнгі хабарламада.

Бұл Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы Қазақстанның алғашқы медалі емес. Бұған дейін 500 метрге жүгіруде Сабрина Арзиева 27:35,44 ұпаймен 1-орын, биіктікке секіруде Алина Чистякова 1,73 ұпаймен күміс, ерлер арасында 1500 метрге жүгіруден Айбол Омар 4:07,99 ұпаймен үшінші орын алған болатын.