БІЛІМ
Әрбір оқылған кітап бізді табысқа, бақытқа, материалдық әл-ауқатқа жақындатады. Ендеше, сіздердің назарларыңызға өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін бес кітапты ұсынамыз!
Том Питерс, «Елестеттіп көріңіз!»
Америкалық жазушы, танымал әлемдік бестселлерлердің авторы Том Питерс оқырмандарға заманауи бизнестің жаңа тәртібі туралы тамаша кітапты ұсынады. Автор философияны қарапайым түрде түсіндіріп, сол арқылы өзгелерді әрекетке итермелейді.
Кітапта келтірілген бір ғана үзінді көп нәрсені аңғартады: «Көшбасшылар сәтсіздіктердің орын алуына жол бермейді. Саудадан соғысқа дейінгі кез-келген салада көшбасшылар басқаларға қауіп-қатерге қарсы әрекет етуге мәжбүр ететін қуат пен сенімділікті береді. Бұл өте қарапайым болып көрінеді, бірақ ол сынысымен қиынырақ».
Джошуа Вайцкин, «Оқу өнері»
Кітапта шахматшы, тай-цзи жекпе-жек чемпионы Джошуа Вайцкиннің өмірбаяны жазылған. Джошуа 9 жасында шахмат бойынша алғашқы чемпиондық атағын алды. Ал 28 жасында тайчи бойынша әлем чемпионы атанды.
Ол әртүрлі спорт салаларында мұндай жетістіктерге қалай жетті? Вайцкиннің өзі өзін шахматта да, жекпе-жек өнерінде де үздік санамайды. Ол: «Мен оқуда ең жақсымын!» - дейді.
Бұл кітапта ол шыңға екі рет жету тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ өзінің оқыту теориясы мен принциптерін баяндайды. Оның өмірлік ұстанымдары салауатты өмір салтын ұстану, жақсы әдеттерді қалыптастыру және ақыл-ойы дұрыс адам болу арқылы чемпион дәрежесіне жету. Ал, адамның жетістікке жетуі үшін туа бітті таланттың болуы шарт емес.
Эрик Бертран Ларссен, «Өзіңді аяма. Өз мүмкіндіктеріңнің шекарасын жылжыт»
Бұл кітапта белгілі норвегиялық автор және жеке өсу бойынша жаттықтырушы Эрик Бертран Ларссен табысқа жетудегі өзінің тәжірибесімен бөліседі. Оның әдістеріне сүйене отырып, өз мақсаттарыңызды нақты және сауатты тұжырымдай аласыз, әлеуетті мүмкіндіктерді барынша арттырып, тамаша нәтижелерге қол жеткізесіз. Сондай-ақ, бұл тәжірибелерді толықтыру үшін автордың «Шектеу. Өзін-өзі аямайтын апта» атты тағы бір кітабын оқыған жөн.
Алекс Новак, «Жоқ кітап»
Егер күн сайын бұл кітапқа 20 минутыңызды арнасаңыз, 1 аптадан кейін өміріңізде орын алып жатқан өзгерістерді байқайсыз!
Бұл кітапты — өз өміріңізді басқарудағы басты кітап десе де болады. Сіз мұнда айтылған кеңестерден кейін мақсаттарыңызға нақты қадамдар жасап, сол қадамдарды өміріңізге енгізесіз. Кітапта теориялар, мысалдар, оларды тәжірибеде орындауға нақты нұсқаулар келтірілген. Кітаптың тілі жатық, сөздері түсінікті.
Итжак Пинтосевич, «Өмір сүр!»
Бұл кітап медицина, психология және физиология саласындағы маңызды жаңалықтардың тізімі болып табылады. Сондай-ақ олимпиадалық спортшыларды дайындаудың қыр-сырын ашады. Кітаптың авторы бұрынғы кәсіби спортшы, жаттықтырушы және бизнесмен. Ол жұмыста көп уақыт өткізетін адамдар үшін бірегей бағдарлама әзірлеген. Өз мақсаттарына жетуге тырысатын және әдеттегі кестесін өзгерткісі келмейтін жандар үшін тиімді кітап болары сөзсіз.
Бұл бағдарламаның мақсаты - оларды «бұзылулардан» қорғау: аурулардың барлық түрлері, созылмалы шаршау және кәсіби депрессия.
Бұл кітапты оқығаннан кейін сіз аз уақыт ішінде денсаулығыңызды жақсартып, белсенді, жігерлі және көңілді бола аласыз.