Bugin

102 жастағы кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шотландия астанасы Эдинбург тұрғыны 102 жастағы Кристин Миллер ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Edinburgh Live арнасына сілтеме жасап.

Зейнеткер саяхаттың ұзақ және бақытты өмір сүруіне көмектескенін айтты. Жас кезінде Кристин Миллер әлемді көп аралап, Американы, Азияны зерттеген. Тіпті біраз уақыт бойы Малайзияда өмір сүріп көрген.

«Сүйікті адамдарыңызбен әлемді аралаңыз, мүмкіндігінше көп нәрсені көріңіз. Малайзия мен АҚШ-та болған уақытымда көптеген шытырман оқиғаларды бастан өткердім. Жаңа мәдениеттерді зерттеу жүрегіңізді жас етеді. Менің бақытты естеліктерім өте көп», - дейді Кристин Миллер.

Миллер Ұлыбританияның марқұм патшайымы Елизавета II-нің 100 жылдығында корольдік тұлғадан алған хатын ерекше мақтан тұтады.

«Ол өмір бойы біздің елге қажымай қызмет етті және мен ерекше құрметтейтін адам болды. Мен бұл хатты өте бағалаймын», - дейді Миллер.

Қазір зейнеткер қарттар үйінде тұрады. Оның ұлы анасымен маңызды күн өткізу үшін Америкадан арнайы ұшып келген.