Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Болжам бойынша, атлантикалық циклон әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауады, түнде Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауады деп күтіледі. Жел күшейіп, батыста, шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды:

- батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8 градус жылы, күндіз 10-20 градус;

- солтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 7-12 градус;

- республика орталығында 3-8 градус жылы, күндіз 5-19 градус;

- шығыста түнде 5 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз 5-13 градус;

- оңтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 10-20 градус;

- оңтүстік-шығыста түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61