Спорт

Қазақстандық ауыратлет Азия чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық ауыратлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бахрейн астанасы - Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қос сайыстың қорытындысы бойынша ол 277 келіні (жұлқуда - 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша, Азия чемпионы атанды.

Бұл салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.