Bugin

Қазақстандық кәсіпкердің қазақ тілі туралы мәлімдемесі желіде дау тудырды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряповтың Ресейден көшіп келгендермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі Желіде дау туғызды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Айта кетейік, Қазнетте кәсіпкер Рамиль Мухоряпов жиындардың бірінде шетелден келіп жатқан ресейліктерге оларды түсіне тұра қазақ тілінде жауап беру «біртүрлі және бұл ұлтшылдықтың белгісі» екенін айтқан видео тараған болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мухоряповтың сөзін айыптап, Choco холдингіне тиесілі қызметтерге бойкот жариялауға шақырды. Олар сондай-ақ кәсіпкерден кешірім сұрауын талап етті.

«Рамиль Мухоряпов алдымен қазақ тілінде кешірім сұраңыз. Бұл мәдениеттің көрінісі болады. Екіншіден, қазақтар мен қазақ тілін біреумен талқылайтын кезде абайлаңыз. Бұл ақымақтық. Бұл тағы қайталанса құқықтық салдарға әкелуі мүмкін», - деп жазды журналист Азамат Ерғали Facebook-те.

Журналист және қоғам қайраткері Максим Рожин Choco холдингінің кейбір сервистерінде қазақ тіліндегі пайдаланушылар үшін ақпарат жоқ екеніне назар аударды.

«Мен объективті болуға тырысамын idoctor.kz және chocotravel.com сайттары қазақ тіліндегі беттерімен қуантты. Бірақ сайттың қазақ тіліндегі нұсқасы толық емес. Бұл жалпы тілге, қазақ тілді клиентке деген көзқарас па? Сіз қазақ тілді клиенттердің құқықтарын бұздым деп ойламайсыз ба? Бұл Сіздің қазақ тілін қолдану мәселесіне деген жеке көзқарасыңыздың нәтижесі немесе төмен мәдениетіңіз (сіз бұл туралы өзіңіз айттыңыз)», - деп жазды Рожин.

Видеоны сілтемені басу арқылы көре аласыз!