Спорт

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар, алматылық «Қайраттың» сапында ойнады.

Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет атқарды.