Технология
Илон Масктың SpaceX компаниясы ұшақ жолаушыларына арналған Starlink Aviation жоғары жылдамдықты спутниктік интернет-сервисінің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы SpaceX сайтына сілтеме жасап.
Starlink Aviation жобасының веб-сайтында ұшақтардағы қосылу жылдамдығы секундына 350 мегабитке жетеді, бұл барлық жолаушыларға бір уақытта ағынды интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Бар болғаны 20 миллисекундтық кідіріспен жолаушылар бұрын ұшу кезінде қол жетімсіз әрекеттерді, соның ішінде бейнеқоңырауларды, онлайн ойындарды, виртуалды жеке желілерді және басқа да жоғары жылдамдықтағы деректермен айналыса алады», - делінген хабарламада.
Компания 2023 жылдан бастап рейс бойы бірқатар ұшақтарда жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге уәде береді. Ұшақ бортында бағдарламаға қосылу үшін құны 150 000 доллар тұратын арнайы жабдықты орнату қажет болады. Абоненттік төлем айына 12,5 мыңнан 25 мың долларға дейін. Жабдық жиынтығын SpaceX веб-сайтында 5000 долларға брондауға болады, бірақ жеткізілім 2023 жылы басталады.