Bugin

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023 – 2026 жылдарға Ұлттық Олимпиада комитеті қауымдастығының (ҰОКА) атқарушы комитетіне қайта сайланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оның кандидатурасын Азия Олимпиада одағы ұсынды. Осы ұйымда Тимур Құлыбаев 2015 жылға дейін вице-президент қызметін атқарған.

Ұлттық Олимпиада комитеттерінің – Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған 206 Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Ол бес құрлықтық ассоциацияларға бөлінеді: Африка (ҰОКАА), Америка (ПАСО), Азия (ОСА), Еуропа (ЕОК) және Океания (НОКО).

2012 жылдан бері қауымдастықты Азия Олимпиада кеңесінің де төрағасы Кувейт Шейхы Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах басқарады.

Енді Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ҰОКА-нің атқарушы комитетіне қайта сайланды. Бұған дейін ол комитеттің Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі болып қызмет етті.