Bugin

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының алғашқы отырысы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған Республикалық қоғамдық штабтың құрамына үш парламенттік саяси партия мен 22 республикалық қоғамдық ұйымнан тұратын Халық коалициясының өкілдері, яғни жалпы саны 474 адам кірді. Арасында қоғам қайраткерлері, Халықтық коалицияға кірген барлық ұйымның өкілдері, жастар, белгілі спортшылар мен Парламент депутаттары бар. 

Toqaev2022

«AMANAT» партиясының төрағасы еліміздің әр өңірінде, қалалар мен аудандарды қоса алғанда 226 штаб құрылып, оның құрамына 6 мыңнан астам адам кіргенін мәлімдеді.  

Қазіргі таңда кандидаттың 30 мың сенімді өкілі тіркеліп, сайлау күні барлық учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық байқаушы дайындалды. Жиында өңірлік қоғамдық штабтардың басшылары сөз сөйлеп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы туралы есеп берді. 

«Бүгінгі күні Республикалық қоғамдық штабтың өңірлерге шығу кестесі әзірленді. Штаб мүшелері әр өңірге барғанда 5 топқа бөлініп, халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Біздің басты міндетіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын әр азаматқа, әр сайлаушыға жан-жақты түсіндіру, жүрегіне жеткізу» – деді «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов. 

Toqaev2022

Еске сала кетейік, 21 қазан сағат 18:00-ден кейін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық аймақтарында үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде де парақшалар ашты, онда штабтың қызметі, сайлаушылармен кездесулері туралы барлық ақпарат және басқа да үгіт материалдары орналастырылады.