Bugin
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сайлаушылардың ұсыныс-тілектері қабылданады. Алғашқы күні қазақстандықтардан 100-ден астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады. Мұнда біз сенім өкілдермен кездесулер өткіземіз, азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдаймыз. Сондай-ақ, мобильді формат болады. Яғни, адамдармен кездесу үшін өңірлерге өзіміз барамыз. Ең шалғай елді мекендер қамтылады», – деп атап өтті ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева.
Президенттікке кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 21 қазан мен 18 қараша аралығында қабылдау жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинайды.
Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.