Қоғам

Байқоңырда алапат апат құрбандарын еске алу күні өтуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байқоңырда 1960 және 1963 жылдары 24 қазанда дәл осы күні болған ғарыш айлағындағы апат құрбандарын еске алу күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сарбаздар саябағында қаза тапқан зымыраншылар мемориалындағы еске алу шарасына қалалық және ғарыштық кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысуда. Қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтары қойылды.

 1960 жылы 24 қазанда сынақтар кезінде Р-16 зымыранының екінші сатысының тірек қозғалтқышын рұқсатсыз ұшыру нәтижесінде зымыран жарылып, 41-алаңның ұшыру алаңында өрт шыққан. 74 адам өртте қаза тапқан еді. 49 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттары мен күйік алып, жарақаттанады.  Артынша тағы 16 адам улану мен жарақаттан қайтыс болған еді.

Үш жылдан кейін, 1963 жылы, дәл сол күні, 24 қазанда, R-9A зымыранының ұшу және конструктивті сынақтары кезінде 70-ші учаскедегі силосты ұшыру қондырғысында оттегінің ағуы орын алып, кездейсоқ ұшқыннан өрт басталады. Өрт пен түтіннен сегіз әскери қызметкер мен бір сала өкілі қаза тапты.

Содан бері 24 қазан «Байқоңыр» ғарыш айлағында жұмыс күні емес.  Қайғылы оқиғалар болған жерлерде еске алу шаралары өткізілуде.