Bugin

Ресейлік журналист: «Ресейде Қазақстанға менсінбей қарауға үйренген» (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада өткен «SöZ Astana Public Talk» атты жиында белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан туралы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Ол Қазақстанға келген сайын отандастарымыздың жылы қабат танытып, адами қасиеттеріне, адамгершілігіне тәнті болып жүретінін айтты.

«Мен Қазақстанды көп аралаған жоқпын. Көбінесе, Алматы мен Астанада боламын. «Байқоңыр» туралы фильм түсіргенде Қызылордада болдым. Айтайын дегенім, Қазақстан маған барлық жағынан ұнайды. Өкінішке қарай, Ресейде кейбір білімі таяз адамдар Қазақстанға менсінбей қарауға үйренген. Менің ойымша, мұндай көзқарас мүлдем болмауы керек. Мен сіздерге айтайын, Қазақстанда ой-өресі биік адамдар тұратыны қыркүйек айында көрінді. Сіздер ресейліктерге көп көмектестіңіздер. Мұнда жағдай қиын болса да кеудемізден итермей, көмек бердіңіздер. Еріктілер көмектерін аямады. Сондықтан мұның бәрі тарих болып қалады. Дос деген қиын жағдайда дос екенін көрсетеді ғой», –  деді ол.

Алексей Пивоваров туралы бірауыз сөз айтсақ, ол YouTube-тегі «Редакция» деген арнаның негізін қалаушы. Соның авторы. 48 жаста. Бұрын «НТВ», «СТС Медиа», «RTVI» телеарналарында жұиыс істеген. Оның YouTube-тегі «Редакция» деген арнасының 3,5 миллион адам көрермені бар. Биыл Ресей Әділет министрлігі «Редакцияны» «шетел тыңшысы» етіп бекітті.

Видеоны мына сілтемені басу арқылы көре аласыздар!