Bugin

Байқоңырдан тағы бір зымыран ұшырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

2022 жылы үшінші «Прогресс» жүк кемесі Байқоңыр арқылы ғарыш станциясына жіберілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Роскосмос» компаниясы 26 қазанда ғарыш айлағынан «Прогресс МС-21» жүк көлігі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылғанын хабарлады. Прогресс MS-21 екі күндік схема бойынша ХҒС-қа ұшады. Пойск модуліне қондыру 28 қазанда Мәскеу уақытымен 05:50-ге жоспарланған.

Оны ХҒС-та 68-ші ұзақ мерзімді экспедицияның экипажы — ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина қабылдайды.