Bugin

Тоқаев Қазақстандағы қордаланған жүйелік проблемаларды мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды. Жиында ол әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көптеген жүйелі мәселелер қордаланып қалғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, азаматтардың мемлекет пен билікке деген сенімсіздігі артқан.

«Бұл мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейді, ұлттың жасампаздық мүмкіндіктерін шектейді. Енді біздің мемлекеттік саясатымызда әділеттілік идеясы ең маңызды болады. Біздің бүкіл ұлттық идеологиямыз әділеттілік идеясымен сіңетін болады. Әділ Қазақстанды құру үшін біз өзара байланысты үш қағидаға негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.