Bugin
Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда әуежайында мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар аясында Еуропалық Кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.