Bugin

Садыр Жапаров Қазақстанға келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен аттанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қырғызстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапаров Астанада өтетін «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» көшбасшыларының бірінші кездесуіне қатысып, бірқатар кездесулер өткізетіні хабарланды.

Кешке Қырғызстан президенті Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады.

Қырғыз Республикасының ресми делегациясының құрамында:

Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлұбаев;
Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев;
Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев;
Мемлекеттік хатшы Сүйінбек Қасмамбетов;
Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов бар.