Bugin
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліге ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
27 қазанда Парламент Сенаты қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады. Қабылданған құжатқа сәйкес, қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі босатылса, басқаларының жаза мерзімі қысқартылады.
Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Әсет Шыңдалиев 20 адамға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып тағылғанын, сондықтан олар рақымшылыққа ілінбейтінін айтты.
Бұған дейін ұсталған Қайрат Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ма деген сұраққа бас прокурордың орынбасары: «Оған сондай айып тағылып отыр», – деп жауап берді.
Шыңдалиевтің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жағандардың көбіне қатысушы деген айып тағылған, бұл шамамен 700 адам. Бұл тұлғалар, бас прокурордың орынбасарының айтуынша, рақымшылыққа ілігеді.