Bugin
Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылының маңындағы далаға құлаған ғарыш кемесінің үзіндісін видеоға түсірді. Тұрғындар кеменің сынуы азаматтардың денсаулығы мен экологиясына қауіпті болуы мүмкін деп қорқатынын жеткізді.
Жаңаарқа ауданының әкімдігінде жағдайға түсініктеме берілді. Ведомство құлаған фрагмент «Прогресс МС-21» жүк кемесіне тиесілі екенін хабарлады.
«Бұл «Прогресс МС-21» жүк ғарыш кемесінің үзіндісі. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерде құлады. Жақын маңдағы қыстақтың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын эвакуациялаған жоқпыз. «Роскосмос» мамандары ғарыш кемесінің ұшу күнін, уақытын алдын-ала біліп, фрагменттің құлау орнын анықтады. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш кемесінің бірінші сатысының сынықтары қазірдің өзінде шығарылды, олар ешқандай қауіп төндірмейді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Видеоны сілтемені басу арқылы көре аласыз