Bugin

Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын», - деді судья Әлкенов.

Санавиация бортын заңсыз пайдаланды деген айып бойынша судья Біртановты ақтады.