Әлем

Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеу орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ресей ТЖМ Бас басқармасы мәліметінше, өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.24-те (Астана уақыты бойынша 19.24-те) белгілі болған.

«Өртсөндірушілер келген кезде 3-қабаттың терезелерінен үй өртеніп жатқаны байқалған. Ғимарат үшқабатты, кірпіштен қаланған, ескі ғимарат. Өрт ауданы 200 шаршы метр болады», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек өрт сөндірілген. Өртсөндіруге 100 адам және 29 техника жұмылдырылған.