Bugin

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері Асқар Айтбаев қайтыс болды. Оқиға туралы облыстық Полиция департаменті Instagram-парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінiң Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті Асқар Айтбаевтың өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесі ерекше бағаланатынын жеткізді.