Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраинаға қарсы кең ауқымды соғыс басталғалы бері Ресей Украина қалаларына 4500 зымыран атқылаған. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Халықаралық адвокаттар алқасының отырысына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.
Зеленский Украина аумағында зымыран ұшыруға қатысқандардың барлығы жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
«4500 ресейлік зымырандардың салдарынан болған өлім мен шығынға жауапты адамдар бар. Ресейдің әрбір соққысының артында агрессия, оны жоспарлап, ұйымдастырып, ақтап, аяқталуына кедергі жасамағандар бар», - деп атап өтті Зеленский.
Зеленский ресейлік әскери қылмыскерлерді жауапқа тарту және ресейлік активтерді тәркілеу үшін арнайы трибунал құруға шетелдік заңгерлердің қатысатынына сенетінін айтты.
«Мен сіздерді осы жұмысқа қатысуға шақырамын. Бұл соғыстың құрбаны болған адамдарға көмектесу мүмкіндігі», - деп қосты ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61