Bugin

Өзбекстанмен шекарадағы бекеттер жабыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Қапланбек» – «Зангиота» шекаралары жабылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтері бекіткен Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кедендік бақылау комитетінің екі жақты кездесуі шеңберінде тараптар 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Қапланбек» (ҚР) – «Зангиота» (ӨР) өткізу пункттерін оларды қайта құру кезеңінде толық жабуға уағдаласты» - делінген хабарламада.

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайта құру қорытындысы бойынша 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту жүргізіледі. «Қапланбек» өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлік құралына дейін ұлғайтылады, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқартылады. Бұдан басқа, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен өткізу пунктінде көлік құралдарының қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді және ірі тасымалдаушыларды көлік құралдары мен жеке тұлғалардың ағынын шекараның осы учаскесіндегі басқа «Қазығұрт», «Жібек жолы»,  «Б..Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария» және «Целинный» өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына сәйкес қайта бөлу жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.