Әлем

Адам саны 5 есе көп болған: Бір сәтте жүздеген адам қаза болған аспалы көпір туралы не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күні кеше Үндістанда әлем жұртшылығын елең еткізген қайғылы оқиға орын алды. Гуджарат штатына қарасты Морби қаласының төңірегіндегі Маччху өзенінен өту үшін салынған көпір құлап 140-тан аса адам көз жұмды.

Ағысы қатты өзенге кетіп, із-түссіз жоғалғандар саны қаншама. Қазанның отызы күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты әртүрлі ақпарат тарауда. Апат кезінде аспалы көпір үстінде 500-ге жуық адам болған деседі. Жүздеген адамның өліміне әкелген көпір туралы Bugin.kz зерттеп көрді.

 Аспалы көпір Британ билігі тұсында, дәлірек айтсақ 1879 жылдың жиырмасыншы ақпанында қолданысқа берілді. Ұзындығы 230 метрге жететін көпірдің ені 1,25 метрді құрайды. Жаяу жүргіншіге арналған өткел үшін осыдан бірнеше ай бұрын ғана «Oreva» жекеменшік қорымен «ескі құрылыс нысанының» техникалық қауіпсіздігі туралы келісім-шарт жасалған. Алты ай жөндеуде болған «ақылы көпір» Гуджарати жаңа жылына қарсы осы жылдың жиырма алтыншы қазанында қайта ашылған.

Ашық дереккөздерде көпір мерзімінен ерте ашылғаны жазылады. Жөндеу жұмысы толық аяқталмай жатып қолданысқа берілген. Қайғылы жаңдай орын алғаннан кейін, аталмыш аспалы көпірде бес жүз адам болғаны белгілі болды. Ал көпірге бір сәтте 125 адам ғана жүруге болатынын ескерсек, мұнда үлкен олқылық орын алған.

Морбидегі көпір кең байтақ Үндістан даласындағы көп нысанның бірі. Осы уақытқа дейін белгілі бір оқиға орын алып, тарихта аты қалмаған. Ал кешегі оқиғадан кейін ел жадында қалары сөзсіз.