Bugin

Сатыбалдыұлы ісі: 230 миллион доллар тұратын асыл тастар қайтарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тергеу туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шетелдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды», - делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.