Әлем

Иран Сауд Арабиясынан кек алмақ ниетте ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясы өз барлау қызметіне сілтеме жасап, Иран шабуылға дайындалып жатқанын хабарлады. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ал әлеуметтік желілерде Иранда мешіт күмбезі үстінде қызыл ту көтерілгені түсірілген кадрлар тарап жатыр. Бұл кек алу ниетін білдіреді. 

Сауд Арабиясы Америка Құрама Штаттарымен Иран жақын арада шабуыл жасайтыны туралы ескертетін барлау деректерін бөліскен. Осыдан кейін Таяу Шығыстағы АҚШ пен басқа да әскери күштердің жауынгерлік дайындық деңгейі қаралған.

Басылым ресми өкілдерге сілтеме жасап, Сауд Арабиясы, АҚШ және басқа да бірқатар көршілес мемлекет қарулы күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырғанын хабарлады. Олар Сауд Арабиясының барлау қызметі туралы толық мәлімет бермеген.

Әлеуметтік желілерде Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезі мен Иранның Шираз қаласындағы мешіт күмбезі үстіне қызыл ту көтерілгенін көрсететін видео тарады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61