Әлем
Ресей үшін ядролық қаруды қолданбау тиімді шешім болады. Бұл туралы АҚШ армиясының бұрынғы қолбасшысы Бен Ходжес «Голос Америк» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Кремльде мыңдаған ядролық зарядтар бар. Тіпті олар қаншама бейбіт адамды жазықсыз өлтіретініне мүлдем мән бермейтінін білемін. Алайда, Ресей әскерінің Бас штабындағы адамдар олар үшін соғыс даласында ядролық қаруды қолданудың ешқандай пайдасы жоқ екенін біледі. Олар тактикалық ядролық қаруды іске қосса, Америка Құрама Штаттары араласуға мәжбүр болады және АҚШ президенті айтқандай, бұл әрекет Ресей әскеріне қауіпті болмақ», - деді ол.
Бұрынғы қолбасшы президент Владимир Путин өзінің саяси режимі туралы да ойлануы керегін айтты.
«Менің ойымша, Путиннің айналасындағы адамдардың көпшілігі Путиннен кейін де өмір болатынын, сондықтан Кремль үшін мұндай қадамнан ешқандай пайда жоқ екенін жақсы біледі. Керісінше, Ресей үшін ядролық қаруды қолданбау тиімді шешім болады», - деді бұрынғы қолбасшы.