Bugin
Біз бұл мақалада адамға күнделікті қандай сөздер айтып жүру керек екенін әңгімелейтін боламыз. Негізінде аффирмациялардың бәрі еретеректе, 90-жылдары пайда болған. Ең қызығы – байлық пен ақша шақыруға арналған бұл сөздерді күнделікті қайталап жүрген адамдар шынымен де кедейліктің шекпенін ұмытып, байлыққа кенелуде.
Ақша шақыратын сөздер, ырымдар мен сүрелер қазір үлкен сұранысқа ие. Оның себебі де қарапайым: кез келген жан қалтасын қалыңдатып, байлық пен берекеде өмір сүргісі келеді. Ендеше, ақша шақыратын сөздер қандай, оны қалай жүзеге асыру қажеттігін саралап көрелік.
Сөз құдіреті
Бірде бір кісі екі жыл қатарынан ақшадан қатты қиналады. Қызметін ауыстырып, бір тиын ақшасы қалмайды. Жаны қиналған ол ойша жағдайды ретке келтірудің жолдарын іздей бастайды. Кешке үйіне қайтып бара жатып, «осы бір ақша шақыратын сөздерді оқып едім ғой, соларды айтайыншы» деп ойлап, аяқ асты «Мен баймын» деген тіркесті қайталай береді.
Бұл сөз оны кәдімгідей жігерлендіріп, ішінде қандайда бір жалын пайда болады. Сол сәтте ақша жағынан қиындық болып тұрғанын түсінсе де, бәрі реттеліп кеткендей сезіне бастайды. Еш мәселе жоқтай іші жылып сала береді. Содан кейін ақшаға және сәттілікке байланысты аффирмацияларды бұрынғыдай күдіктенбей, бойына сіңіргенше үзбей қайталайды. Шамамен екі аптадай айтып жүреді. Нәтижесі де көп күттірмей, бір айдың ішінде жалақысы жоғары жұмыс тауып, ісі өрге домалайды. Бірі сенер, бірі сенбес, бірақ ол мұның бәрінің шындық екенін айтады және оған осы сөздердің әсері болғанын жасырмайды.
Ақша шақыратын аффирмациялар:
Мен қалағанымды аламын, тілегеніме жетемін.
Мен ақшаға ашықпын, ақша маған ғашық.
Ақша маған еш қиындықсыз, оңай келеді.
Өзімнің бай болуыма және қалаған нәрсемді істеуіме рұқсат етемін.
Еш қиындықсыз бай бола аламын.
Ғалам мені молшылыққа бөлейді.
Мен бай, табысты адам болуға лайықтымын!
Менде әрдайым артық ақша жүреді.
Қазір өмірімдегі ақша ағымы өте жақсы.
Мен банкте ақша сақтауға және жинауға лайықпын.
Мен бар жақсылыққа лайықпын, ол өмірімде дәл қазір орын алады.
Мен қаржылай тәуелсізбін және бар қажетімді өтей аламын.
Мен бармын, баймын, менде бәрі бар, мен бақыттымын!
Өркендегенді ұнатамын және оны әлеммен еркін бөлісемін.
Менің кірісім күннен күнге өсуде.
Маған бай болған ұнайды. Ұлы байлық маған қарай ағылуда.
Өркендеу жолымдағы бүкіл кедергілер берекеге ұласып кетеді.
Менің санам пайдалы идеяларды тартатын қуатты магнит.
Барлық қарым-қатынас сәтті өтетіні үшін қуаныштымын.
Қазір мен өзіме ұнайтын нәрсемен айналысамын.
Менің әр күнім таңғжайыптарға толы.
Менің жұмысым тамаша, қызмет жолым керемет.
Жақсы айлық алу үшін жақсы жұмыс істеймін.
Маған берілген барлық игіліктер үшін Жаратушығы зор алғыс білдіремін.
Өз өмірімде жақсы нәрселерге ие болуға және одан ләззат алуға мүмкіндік беремін.
Бұл сөздерді бір оқып шыққаннан кейін-ақ санаңызда молшылық ағымының кеңейе түскенін сезінген боларсыз. Осыларды қайта-қайта қайталап, ақшаны өзіңізге жақындатуды жалғастырыңыз. Қайталап оқи беріңіз. Ішінен өзіңізге ең жақынын жаттап алып, күнде қайталаңыз. Оған өзіңізге жағымды, жаныңызды жадырататын сөздерді қосып отыруға да болады.
Байлық шақыратын сөздермен қалай жұмыс істейміз?
Өзіңізді бұл сөздерге бірден сендіре қою мүмкін емес. Түпсана сана сенбейтін нәрсені қабылдай алмайды. Сондықтан ең алдымен санаға жаңа бағдарламаны орнату қажет. Мұның бәрі өміріңізде шынайы көрініс алу үшін барлығына шын ниетпен кірісіп, өзгеріске дайын болыңыз.
Ақша шақыратын сөздерді санаға сіңдіру үшін не істек керек?
Сөздерді әрдайым қайталап отырыңыз. Яғни, күнде 100-ден 150-ге дейін қайталаған абзал. Оны бірнеше – 7 күннен 21 күнге дейін қайталау керек.
Осыны шынайы түрде жасайтын болсаңыз, 200% нәтижесін көретініңіз анық. Ал, еріншектікке жол берсеңіз, баяғы орныңыздан жылжи қоюыңыз екіталай. Өз-өзіңізбен жұмыс істеуге дайын болсаңыз, осындай аффирмацияларды таңдаңыз.
Ақша шақыратын сөздердің құдіретін қалай арттыруға болады?
Миды тыныштандыру
Бұл сөздерді үйде тыныштықта немесе бірқалыпты жұмыс істеп жүргенде айтуға болады. Ең бастысы – дене босаңсып, ми ақпаратқа ашық болуы тиіс. Санаға жаңа ойды сіңдіру үшін мидағы барлық ойлар ағынынын тоқтатып, медитация жасаңыз. Оған арнайы музыкалар тыңдауға да болады.
Көңілді толқылту
Ұнамды сөздерді ойлаған кезде эмоцияны іске қосыңыз. Оған «бояулар» қосып, қуаныңыз, күлімдеңіз, дәмеленіп, алғыс білдіріңіз.
Дауыстап айту:
Ақша шақыратын сөздерді айтатын кезде дауыстың да ерекше рөл атақаратыны анықталған. Сондықтан адам бұл сөздерді айтқан кезде дауыстап, кейде айнаға қарап айтқаны дұрыс. Бұл әдістің ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Тәжірибеде сөздің құдіретін арттырудың көптеген жолдары бар. Ізденіңіз, талмаңыз. Жақсылыққа ұмтылыңыз.
Дереккөз: syrlasu.kz