Қоғам

Кейінгі 4 айда адам саудасымен айналысқан бірнеше қылмыстық топ анықталған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, 4 айдың ішінде Қазақстанда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркеліп, 3 қылмыстық топ анықталған,-деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы министр Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда айтты.

«Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі –балалар. Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», - деді Марат Ахметжанов.

Оның мәліметі бойынша қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі.

«Бұрын 300-ге дейін барушы еді. Осы жылы төрт айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталып отыр. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта құрудың арқасында бұл қылмыстардың анықталу қарқыны артып келеді. Бірақ мойныдау керек, бұл тек салдарымен ғана күрес», - деді Ішкі істер министрі.