Bugin

Шахтадан газ шығып, 4 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды», - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады», - деп толықтырды ТЖМ өкілі.