Әлем
2 қарашада Анкара мен Мәскеу Қара теңіз жолдарымен астық өнімдерін экспорттау туралы келісімді ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы dialog.ua басылымына сілтеме жасап.
Келісімге қол жеткізілгеннен кейін БАҚ өкілдері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан Кремль басшысы Владимир Путинді келісімге қайтып келуге қалай көндіргенін сұрады. Түрік көшбасшысы бұл сұраққа жауап беруден бас тартып, күлімсіреп, бұл туралы алдымен Ақ үйдің қожайыны Джо Байденге жеткізетінін айтты.
«Бұл туралы алдымен Байденге айтамын, сосын сізге», - деп жауап берді Ердоған.