Bugin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Akorda.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасына тиісті көмек көрсетуді тапсырғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, 03:00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып, апат салдарынан 5 жұмысшы қаза тапқан болатын.