БІЛІМ

Мектеп формасы ауысады: Оқушылар мен ата-аналар да таңдау жасайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапасын арттыру мақсатында наурыз-сәуір айларында "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулары" көрмесі ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Информбюроға сілтеме жасап.

Көрмені облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары баспалармен бірлесіп өткізеді. Оған мұғалімдер, әдістемелік бірлестік басшылары мен мектептердің қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар мен оқушылар қатысып, өз пікірлерін білдіре алады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларының" жобасында жазылған.

Көрме өткізілмес бұрын баспалар оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқаларын (оқу материалдарының кемінде 30%-н қамтитын оқулықтың цифрлық көшірмесі – ред.) Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына ұсынуы тиіс. Ал орталық бұл нұсқаларды өзінің веб-ресурсында жариялайды. Сәйкесінше, көрмеге қатысушылар оқулықтың мазмұны мен сапасымен алдын ала таныса алады.

Оқулықтарды таңдауға бір ғана мүмкіндік беріледі және таңдалған оқулықтардың тізімі бойынша мектептер алдағы оқу жылдарына арналған оқулықтарды сатып алады. Бір мектептің параллель сыныптары үшін әртүрлі оқулық таңдауға болмайды, олар тек бір оқулық түрін таңдауы тиіс.