Bugin

«33 минут автобус күттім»: Досаев BRT жайлы пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлікте жүру тәжірибесін бөлісті, - деп хабарлайды Bugin.kz

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындары Тимирязев көшесінің бойындағы BRT желілерін шеткі оң жақ жолаққа көшірмеуді сұрады. Жауап ретінде Досаев автобуспен жүру кезінде алған әсерімен бөлісіп, BRT желілерін неліктен өзгертуді жоспарлап отырғанын түсіндірді.

«Мен бұл жобаны іске асырудағы бес жыл зая кетті демеймін, себебі Досаев BRT - ға бөлінген төрт миллиардты «желге ұшырмақ» деп кінәлағандардың қарасы көп. Бірақ бес жыл ішінде жобаны іске асыру кезінде орын алған мәселелердің бар екені рас. Тіпті жоба жетекшілері де бұл жайлы айтып жүр. Мәселен, ҚазҰУ аялдамасы  кедергімен бетпе-бет келіп отыр, өйткені жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі реттелмегендіктен, кептеліс түріндегі мәселелер туындауда.

Сондықтан мәселені оңтайлы тәсілмен шешу қажет. Егер BRT іске қосылса, онда соған сәйкес автобус жүру кестесіндегі аралықтары, соған сәйкес жылжымалы құрам және т.б. болуы керек.  Ал ол бізде жоқ. BRT жолағымен №32 автобуспен жүріп көрдім. Мен өзім 33 минут күтуге мәжбүр болдым, себебі 4 автобус жолға шықпаған. Бізде қоғамдық көлік қоры жоқ екен. Сондықтан келесі жылы қосымша 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз. Осы арқылы қозғалыс интервалын қысқартамыз. Бұл қоғамдық көлікпен байланысты мәселенің шешілуіне аз да болса үлес қосады», - деді қала әкімі.

Ерболат Досаев BRT-ны салу жұмыстары соңына дейін жеткізілетінін айтты.

«Байқасақ, классикалық BRT тек Тимирязев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан басталып, арнайы жолақ орналасқан жерге дейін жетеді. Ал жолақтың оң жақ бөлігінде бағдаршам сайын көліктердің кептелісі пайда болып отыр. Мәселелер бар және оны біз бірлесе отырып шешетін боламыз. Шын мәнінде, ешкім де басталған жұмысты тастағалы отырған жоқ. BRT-ны салып бітіреміз. Бірақ, алдымен оның тиімді жолын анықтауымыз керек», - деді әкім.