Спорт

Футболдан әлем чемпионатының тікелей эфирін қазақстандықтар қайдан көре алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін әлем чемпионатын көрсету құқығына ие болды, - деп хабарлайды Bugin.kz

Қазақстандық футбол жанкүйерлері чемпионат матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей тамашалай алады. Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттарында, сондай-ақ Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы тікелей онлайн трансляция болады.
Спорт сүйер қауым үшін арналар чемпионатқа арналған арнайы спорттық шығарылымдарды дайындап жатыр. Бағдарламалар топтамасы бір ай бойы тікелей эфирде көрсетіледі. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының түсіру тобы тікелей эфирді Катар стадиондарынан таратады. Әлем чемпионаты кезінде «Қазақстан» корпорациясының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жанкүйерлер арасында футбол атрибуттары ойнатылады. Бағдарламалар кестесі мен комментаторлар тізімі жақын арада хабарланады.