Өнім

НЗМ оқушысы Досаевқа қандай ұсыныс жасады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алмалы ауданының тұрғындарымен болған кездесуде Ерболат Досаевқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы су басу мәселесін шешу жолын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алматыда су басу мәселесі бар. Қатты жаңбыр жауғанда қаланың барлық жерінде шалшық пайда болады. Мен осы мәселені шешетін "Жасыл дренаж" жобасын әзірледім. Бұл құдық, оның ішінде батпақ өсімдіктері мен топырақ болады. Яғни, біз табиғи су айналымын қалпына келтіреміз. Су ұңғымаға түсіп, өсімдіктермен сүзіледі, осылайша шалшық пайда болмайды.
Мен өз жобамды жүйе сәтті жұмыс істеген Филадельфиядағы зерттеулер негізінде жасап, оны Алматы жағдайына қарай ыңғайладым", - деді НЗМ оқушысы Елнар Асылбеков.

Оқушы Алмалы ауданында осы жобаны іске қосу жайлы ұсынысы барын айтты. Алматы әкімі жобаны қолдауға уәде берді.

"Ұсынысыңызды қарастырайық. Қарсы болмасаңыз, біз оны пилоттық жоба аясында енгізуге тырысамыз. Мен өз орынбасарларыма тапсырма беремін", - деді Досаев.