Bugin
Синоптиктер 4 қарашадағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Елдің барлық аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады», – деп жазылған хабарламада.
Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады.